Әлемде тұрақты даму мақсаттарына жету бойынша 2024 жылғы үздік университеттердің қатарына 12 қазақстандық ЖОО да кірді. Бұл рейтингті жоғары білім саласындағы ғаламдық сараптау агенттігі жасаған.
ЖОО-лар қоғамға ықпалы, қоршаған ортаға әсері, басқару моделі секілді критерийлермен таңдалған. Былтырғыға қарағанда биыл бұл рейтингтен көрінуге екі есе көп университет ниет танытыпты.
Жалпы рейтингке 95 ел мен аумаққа тиесілі 1397 университет кірген, оның ішінде қазақстандық 12 ЖОО бар. Қазақстан бойынша бұл тізімде жетекші орында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тұр екен. Айта кету керек, ол сонымен қатар әлемдегі үздік 500 университеттің бірі.
Zakon.kz жазуынша, одан кейін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тұр, ол үздік 700 университеттің бірі. Сонымен қатар тағы 3 қазақстандық ЖОО үздік 1000 университет қатарында.
2023 жылғы үздік университеттер қатарына Қазақстанның 9 қаласынан 21 ЖОО енген еді. Бұл тізімнен көріну үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 3 мың ЖОО талпынған. Алайда үздіктер рейтингіне 104 мемлекеттен 1,4 мың университет ілініпті.
Тұңғыш рет бұл тізімнен еліміздің 5 университеті көрініп отыр: Дәулет Серікбаев атындағы ШҚО Университеті (901–950 орын), Нархоз университеті (1201–1400 орын), Сүлеймен Демирел Университеті (1201–1400 орын), Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (1201–1400 орын), Дулати атындағы Тараз Университеті (1201–1400 орын).
Айта кету керек, 2022 жылы бұл рейтингке еліміздегі 16 ЖОО енген, 2023 жылы көрсеткіш 31,25% өсіп отыр.