Ақпан-наурыз айларында Әзірбайжан мен Ресейде президент сайлауы өтеді

Жарияланды
президент сайлау
Президент сайлауы: Ресей мен Әзірбайжанда сайлау өтетіні туралы шешім бір күнде шықты / Фото: kursiv.media

Әзірбайжан мен Ресейде президенттік сайлау өтеді. Әзірбайжанда сайлау 7 ақпанда өтсе, араға 40 күн салып ресейліктер өз президентін сайлайды.

Әзірбайжанда өтетін сайлау мерзімінен бұрын өткізіледі. Заңға сәйкес бұл елде президенттер әр 7 жыл сайын сайлануы керек. Әзірбайжанда соңғы рет сайлау 2018 жылы өткізілген. Бүгін бейсенбіде Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

«Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президенттік сайлауды 2024 жылғы 7 ақпанға белгілеу және оны Әзірбайжан Республикасының Сайлау кодексінде белгіленген тәртіппен өткізу тапсырылды»,-делінген құжатта.

Ал Ресейде 17 наурызда президент сайлауын өткізу туралы шешім Федералды кеңестің 556-шы жалпы отырысында қабылданды. 162 депутаттың барлығы бірауыздан сайлау өткізу туралы шешімді мақұлдаған.

«Біз мемлекет ретінде уақыттың басты сын-қатерлеріне лайықты деңгейде жауап беруіміз үшін ең алдымен, осы президенттік сайлауды өткізіп алғанымыз дұрыс. Бір осы мәселе ғана емес, сонымен бірге бізді бүкіл әлем бақылап отыр. Өйткені Ресей Федерациясы бүгінде әділ жаһандық болашақтың басты сәулетшілерінің біріне айналды. Сондықтан құқық бұзушылыққа, арандатушылыққа, қателіктер мен немқұрайлылыққа жол берілмеуі керек»,- деді Ресей федералды кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко.

Еске сала кетсек, көктемде Түркияда президент сайлауы өтіп, Режеп Тайип Ердоған бірінші және екінші кезеңдерде жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз