ArcelorMittal Temirtau шоттарындағы ақша бұғаттан шығарылды – ҚР Өнеркәсіп министрлігі

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: shutterstock

Backup Service Resorts (BSR) ЖШС мердігерімен сот дауы салдарынан туындаған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (АМТ) қызметкерлерінің зейнетақы және медициналық аударымдарымен қаржылық мәселесі жайлы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, АМТ шоттарын бұғаттау туралы 4 қазанда белгілі болды. Металлургиялық компанияның баспасөз қызметі бұған кәсіпорын жұмысшыларының тамақтануы мен демалысын қамтамасыз ететін BSR мердігерінің сотқа арызы себеп болғанын растады. Осыған байланысты АМТ қазан айында міндетті медициналық сақтандыру қорына (МӘМС) зейнетақы аударымдары мен жарналарды жүзеге асыра алмады.

Министр не деді. Қанат Шарлапаев сот АМТ шоттарына шектеулер қойылғанын, бірақ барлық шот бұғатталмағанын айтты.

«Шектеулер қойылды, бірақ барлық шот бұғатталған жоқ. Менің ақпаратым бойынша, қазір ешқандай бұғаттау жоқ. Қызметкерлер мен жеткізушілер алдындағы міндеттемелер толық көлемде орындалады. Менің ойымша, бұл жерде мемлекет те, жаңа инвестор да осы кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтарын бұзуға жол бермейтініне ешкімнің күмәні болмауға тиіс», – деді Шарлапаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 8 желтоқсанда Allur Auto иесі Андрей Лаврентьев «АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы болғаны белгілі болды.

Лаврентьев ArcelorMittal Temirtau активтерін сатып алу үшін жаңа компания құрып, биржадан қаржы тартты.

ArcelorMittal Temirtau-ға «Қармет» атауы қайтарылуы мүмкін: Қанат Шарлапаев жаңа акционердің не үшін таңдалғанын түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыз