Желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» Германияға 150 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізуді жоспарлап отыр

Жарияланды (жаңартылды )
«Фото:»ҚазТрансОйл» АҚ

2023 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 150 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 жылдың қаңтар-қараша айларында қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Германияға одан әрі жеткізу үшін Адамова Застава мұнай жеткізу пунктіне қарай тасымалдау көлемі 843 мың тоннаны құрады»– делінген хабарламада.

Бұл транзит Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз