Степногорск қаласы – 30 градус аязда жартылай жылусыз қалды

Жарияланды
Степногорск қаласы
Степногорск қаласы бір түн жылусыз қалды / Коллаж: kursiv.media

Степногорск қаласы -30 градус аязда жартылай жылусыз қалды. Бұл жайлы Степногорск әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша апатты жағдай 7 желтоқсан күні түнде болған.

«Осы жылдың 7 желтоқсаны күні сағат 21.45-те. Степногорск қаласында Славский мен Целиноград көшелерінің қиылысында Д-600 мм жылу трассасында апатты жағдай болды. Нәтижесінде бірқатар көпқабатты үй жылусыз қалды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов келіп, апат жағдайымен танысқан.

Әкім тапсырмасымен қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ.Доспаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылған.

«Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары 15 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Түнімен жүргізілген жөндей жұмыстары нәтижесінде 8 желтоқсан таңғы 8-де дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, құбыр жүйелеріне су беріле бастаған.

«Степногорск теплотранзит» ЖШС мамандары жарылған құбырды дәнекерлеуді аяқтады, тұрғын үйлерге жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», –деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз