Тоқаев аймақтарда жылу беруді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

Жарияланды

Өткен демалыс күндері еліміздің бірнеше қаласының жылу желілерінде апат болды/t.mе./aqorda_resmi

Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері Президентке аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті. 

Сондай-ақ Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені де айтылды.

«Мемлекет басшысы берілген тапсырмаларды орындау үшін Үкіметке және облыстардың әкімдеріне жеке-жеке жауапкершілік жүктеді», – деп жазылған таратылған хабарламада.

Үкімет басшылығы еліміздегі тозығы жеткен энергетикалық инфрақұрылымдағы бұзылу жағдайларын қоспағанда, жалпы ахуал бақылауда екенін мәлімдеді. Апаттық жағдайларға жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.

Өткен демалыс күндері еліміздің бірнеше қаласының жылу желілерінде апат болды.

Атап айтсақ, 8 желтоқсанда Степногорск қаласы -30 градус аязда жартылай жылусыз қалды. 10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да ақау шықты.

Энергетика министрлігі аяз бастала салысымен апатқа ұшырап жатқан Ақтау, Балқаш және Екібастұз ЖЭО-ларға қатысты түсініктеме беріп, қиындықтарға қарамастан, жылу беру тоқтамағанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз