Қазақстанда елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның тапшылығы мәселесін шешу үшін Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді.
Жобаға сәйкес 2024-2026 жылдары 9 облыста көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар 9 облыста көлемі 1,9 км3 қолданыстағы 15 су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстары басталады.
«Кешенді жоспарды іске асыру су ресурстарын 3,7 текше шақырымға, ал суармалы жер көлемін – 2,2 млн гектарға дейін ұлғайтуға, егіндік суының жыл сайынғы шығынын 3 текше шақырымға азайтып, 55 мыңнан тұрғыны бар 41 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген Үкімет хабарламасында.
Су кеңесінің отырысына қатысқан премьер-министр Әлихан Смайылов жоспарланған іс-шараларды іске асыруға отандық компанияларды, оның ішінде құрылыс материалдарын өндірушілерді белсенді тартуды тапсырған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында Қазақстанға су ресурстары тапшылығының қаупі төніп тұрғанын айтты.
Тоқаев елімізде 3,5 мыңнан астам су арнасын цифрландыру және жаңғырту жоспарланғанын жариялап, бұл бастама 2027 жылға қарай шамамен 2 мың текше шақырым сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін баяндаған.
Желтоқсанның 9-нан 10-на қараған түні Жайық өзеніне мұз қатуына байланысты Атырау тұрғындары сусыз қалды.