YouTube Premium-ның қосылуына Қазақстан тарапынан ешқандай кедергілер жоқ / Фото: shutterstock, Аскар Ахметуллин
Алдағы жылдан бастап Қазақстанда YouTube Premium видеохостингі жұмыс істей бастайды. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
«Youtube – Google компаниясына тиесілі. Олар экономикалық жағдайды ескере отырып шешім қабылдайды. Осы жылдың соңына қарай қосылмаса, да келесі жылы міндетті түрде қосылады. Біз өйткені өзіміздің тарапымыздан орындалуы тиіс бүкіл талаптарды орындадық. Қазақстан тарапынан заңды және басқа тұрғыдан бұл мәселеге тосқауыл болатын кедергілер жоқ. Ескертіп айтайын, бұл геосаяси немесе басқа мәселелерге байланысты емес, олар тек экономикалық мәселелерді ескереді»,- деді министр.
Министрдің айтуынша, бұл видео-хостингтің қосылуы үшін оның иелері Қазақстандаға авторлар мен видеөндірушілермен заңды негізде келісімге келуі куерек. Қазіргі таңда Google осы мәселемен айналысып жатыр. Сонымен бірге компания ең алдымен елдегі пайдаланушылар санына назар аударады.
«Біз өз тарапымыздан барынша көмек көрсетіп жатырмыз. Қазақтілді аудиторияның өсіп келе жатқанын айттық. Олар қазіргі таңда ителлектуалдық құқық мәселесі бойынша шешілуі керек заңды процедураларды реттеп жатыр»,- деді Мусин.
Premium аккаунті бар адамдар бейнелерді жарнамасыз көре алады. Сонымен бірге сақталған видеолоарды интернетсіз көру мүмкіндігі де қарастырылған.
Еске сала кетсек, осы жылдың наурыз айында Бағдат Мусин Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөздер жүргізгенін, нтижесінде YouTube Premium қызметі 2023 жылы қосылатынын хабарлаған.