10 ай ішінде Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы 768 трлн теңге төлем жүргізілген

Жарияланды
10 ай ішінде Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы 768 трлн теңге төлем жүргізілген / коллаж kursiv.media

2023 жылы бастапқы 10 ай ішінде Қазақстан Ұлттық банкінің төлем жүйелері арқылы 768,9 трлн теңгеге төлем жүргізілді.

Ұлттық банк хабарлауынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26% көп.

Бір күн ішінде 298,4 мың операция жасалып, 3,8 трлн теңгеге төлем жасалады. Минут сайын 5,7 млрд теңгеге операция жүргізіледі. Ең көп операция сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін өңделеді.

«2023 жылдың 10 айында Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 99,99%-ды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асып түседі және ұлттық төлем жүйелерінің жоғары тиімділігін көрсетеді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылы жалпы алғанда төлем жүйелері мен қаржы ұйымдарының тікелей корреспонденттік шоттары арқылы ұлттық валютадағы қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары көлемі 897,5 трлн теңгені құраған.

Сондай-ақ оқыңыз