“Уолл-стрит қасқыры” фильміндегі Lamborghini көлігі аукционда 1,66 млн долларға сатылды

Жарияланды
Фото:istockphoto.com

Леонардо Ди Каприо «Уолл-стрит қасқыры» фильмінде мінген 1989 жылғы Lamborghini Countach көлігі Нью-Йорктегі Sotheby ‘ s аукционында 1,655 миллион долларға сатылды. Бұл туралы MarketWatch хабарлады.

Бұл осы модельдегі көлік үшін рекордтық баға.

Мартин Скорсезенің фильмінде екі бірдей көлік қолданылды. Екіншісі көлік түсірілім кезінде сценарий бойынша апатқа ұшырағандықтан, көліктің бөлшектері зақымданды. Бірақ, бұл екінші көлік те осы аукционға шықты, бірақ сатылмады.

Sotheby ‘ s мамандандырылған аукционында барлығы 13,61 миллион доллар қаржыға автомобильдер сатылды.

Сондай-ақ оқыңыз