
Финляндия Мемлекеттік Кеңесі Шығыс шекараны толығымен жабу туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы Ішкі істер министрі Мари Рантанен мәлім етті.
Шекара 15 желтоқсанда сағат 20:00-ден 14 қаңтарға дейін жабық болады.
«Мен Шығыс шекараның толық жабылуы жағдайды бақылау үшін қажет екенін атап өтемін», — деді Рантанен.
Оның айтуынша, баспана іздеушілер Ваалимаа мен Нииралдың шекара бекеттері ашылғаннан кейін көптеп келе бастаған.