Декларацияны тапсырғанда қандай мәліметтерді көрсету қажет

Жарияланды
Фото:ortcom.kz

Декларацияда Қазақстан Республикасының азаматтары нақты мынандай мәліметтерді ұсыну тиіс:

1.Бағалы қағаздар,

2.Цифрлық активтер,

3. Үлестік қатысу шарттары,

4.10 мың АЕК немесе 34,5 млн теңге шегіндегі қолма-қол ақша,

5.Шетелдегі жылжымайтын мүлік

6.Автокөлік құралдары

«Кейін жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылады (270.00-нысан). Құжатта кірістер, салық шегерімдері көрсетіледі,-делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 2024 жылдың 1 қаңтарында декларациялаудың  үшінші кезеңі басталады. Жеке декларацияны кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаты тапсырады. Осылайша, 2025 жылы 13 миллионнан астам декларация толтырылмақ.

Декларацияны тұрғылықты жеріңіз бойынша 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыру қажет.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Halyk, Банк Центркредит мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Айта кетейік, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2025 жылы қолданысқа енетін жалпыға ортақ декларация қалай жүретіні жайлы, осы орайда өзінің де екінші рет декларация тапсырғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз