Kursiv Өзбекстандағы көшбасшы әйелдерге сыйлық табыстайды 

Жарияланды (жаңартылды )

Фото: shutterstock

Kursiv  басылымы Өзбекстандағы әйелдер мен гендерлік теңдікті қолдауға бағытталған үздік жобалар мен бастамалар үшін «Тең құқықтылар арасындағы Үздігі» әйелдер көшбасшылығы саласындағы марапаттау рәсімін өткізеді. Шара 14 желтоқсанда Hyatt Regency Tashkent қонақүйінде өтеді.

Марапат не үшін қажет. Kursiv осы сыйлық арқылы Өзбек қоғамында әйел көшбасшылығы мәдениетін қалыптастыру тақырыбына назар аудартқысы келеді. Шара барысында табысты кейстерді таныстыра отырып, әйелдер бастамасын дамыту мен Өзбекстанда көшбасшы-әйелдердің көптеп шығуына көмектесу маңыздылығы жайлы айтылады.

«Аталған арнайы жоба тұрақты түрде өтетін болады, бизнесті осы бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз. Яғни тек қана іске асырып қана қоймай, өз компанияларында әйелдер көшбасшылығы мен гендерлік теңдік идеясын ілгерілетудің үздік тәжірибесі туралы айтып, осылайша әйелдерді корпоративтік деңгейде қолдаудың тұтас бір мәдениетін қалыптастыру керек», — деді Өзбекстандағы Kursiv бас директоры Анастасия Новикова.

Қандай номинациялар болады. «Тең құқықтылар арасындағы Үздігі» сыйлығы он номинация бойынша беріледі. Байқауға кәсіпорындар мен компаниялардың белсенді қыз-келіншектері, сондай-ақ әйелдер құқығын қорғап және Орталық Азияда әйелдер көшбасшылығын дамытып жүрген қоғам қайраткерлері қатысады.

Сонымен қатар сыйлық белсенді қыз-келіншектер, кәсіпкер-әйелдер, әйелдерді біріктіретін қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік бағдарланған бизнес, ұйымдар мен жобаларға беріледі.

Сыйлық серіктестері Uzum, Өзбекстандағы Евро одақ делегациясы, Beeline, Freedom Broker және First Development Group.  

Сондай-ақ оқыңыз