2024 жылы теңге құнсыздануы мүмкін – сарапшылар

Жарияланды

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Талдау орталығы 2023 жылдың қорытындысына сәйкес ҚР негізгі макроэкономикалық индикаторларының келер жылға қатысты болжамын жариялады.

Әлемдік экономикадағы рецессия туралы болжамдарға қарамастан, 2023 жыл жаһандық экономика оң өзгерістерге көрсетті. Халықаралық валюта қоры былтыр осы жылға 2,7% өсім болады деп болжаған, алайда жыл қорытындысы бойынша өсім 3% деп бағаланды.

Сонымен қатар, базалық мөлшерлеменің өсуі нәтижесінде инфляциялық қысым да төмендей бастады. Осының нәтижесінен дамыған елдерде де, дамушы елдерде де ақша-несие шарттары қалыпқа келеді деген болжам бар. 

Алайда Қазақстанның жекелеген сауда серіктестерінде бағаның өсуі (мысалы, Ресейде) және дефляцияның болуы (Қытайда) байқалады, ал елдегі импорттың шоғырлануы (РФ-27%, ҚХР-26%) жоғары екенін ескеретін болсақ, олар ішкі нарықтағы бағаға әсер етеді. 

Базалық мөлшерлемені төмендету. Қазақстанда 2023 жылы базалық мөлшерлеме үш рет төмендетілді. Қазірдің өзінде бұл инфляция өсімін баяулатып тұр. 2022 жылы ол 100 б. п. төмендеген болса, 2024 жылы сарапшылар оны тағы 325 б.п. – жылдық 12,5% – ға дейін төмендеу керек деп болжайды. Осылайша базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету мүмкіндігі сақталады. 

ЖІӨ-ге шикізат бағасының әсері. Тұрақты ішкі сұраныс арқасында шикізат бағасының төмендеуі білінбеді. Қаңтар-қараша айларында Brent мұнайының орташа бағасы барреліне 82,6 доллар болды. Өткен жылмен салыстырғанда 19% төмен (100,4). Алайда құрылыс, сауда, байланыс және көлік нарығының өсуі әсерінен ЖІӨ өсуін жалғастыра берді.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, шикізат өндіруді ұлғайту (95,4 млн тоннаға дейін) және бюджетті ынталандыру бағыттары 2024 жылы экономикалық белсенділікті арттырады. Қаржы нарығының сарапшылары 2024 жылы ЖІӨ 4,0% өседі деп күтуде.

Теңге бағамы 2023 жылдың соңында нығайып, алайда 2024 жылы қысымға түсуі мүмкін. 2023 жылдың қорытындысы бойынша теңге 7,1% әлсіреді, бір доллар үшін 462,66 теңге. Былтыр 456,5 теңге болған. Келер жылы 489,6 теңге болуы мүмкін. Оған негізгі себеп шикізат нарығындағы сұраныстың төмендеуі және АҚШ-тың жоғары ставка саясатын ұстануы болып отыр.

Тұтыну бағаларының индексі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша тұтыну бағаларының индексі екі есеге төмендеген. Қараша айының қорытындысы бойынша тұтыну бағасы жылдық 10,3% өскен. Былтыр осы кезеңде өсім 20,7% болған. Қаржы нарығы сарапшыларының болжамына сәйкес, 2024 жылы желтоқсанда бұл көрсеткіш 10,6% болуы мүмкін.

24 қарашада Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеменің деңгейі туралы кезекті шешімі жарияланды

Базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті бекітілген шешім қабылдау кестесіне сәйкес жылына 8 рет қабылдайды. 

Сондай-ақ оқыңыз