Еуразия даму банкі Қазақстан экономикасының өсу болжамын көтерді

Жарияланды
Еуразия даму банкі Қазақстан экономикасының өсу болжамын көтерді / коллаж kursiv.media

Еуразия Даму Банкі (ЕАДБ) макроэкономикалық болжамның жаңа нұсқасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімін 4,8% дейін көтерді. Осыған дейінгі нұсқада өсім 4,3% болған.

Өсу қарқыны көрсеткіші бойынша Қазақстан ЕАЭО мен Орталық Азияда (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан) — Армениядан (8,3%) және Тәжікстаннан (8,2%) кейін үшінші орында тұр. Қырғызстан экономикасы, ЕАДБ болжамына сәйкес, 4,6%, Беларусь — 3,9%, Ресей -3,1% өскен. Өңірдегі жиынтық инфляция жыл соңына қарай 7,8% болған.

Келер жылы ЕАДБ Қазақстан экономикасы 5% деңгейінде өседі деп болжап отыр. Армения, Қырғызстан мен Тәжікстанда 5,8%, Ресейде – 1,5%, Беларусьте – 2% өсім болады деген болжам бар. Өңірдегі жиынтық инфляция 2024 жылдың соңына қарай 5,8% жетуі мүмкін. Доллардың орташа жылдық бағамы 470 теңге деңгейінде болжанған.

Сондай-ақ, ұйым Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін келесі жылдың соңына қарай 10% дейін төмендетуге болады деп санайды. Қазіргі мөлшерлеме 15,75%. 2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың тамызына дейін мөлшерлеме рекордты 16,75% құраған. Реттеуші орган инфляцияны бәсеңдетуге ұмтылып, мөлшерлемені төмендету цикліне көшкен.

13 желтоқсанда жарық көрген Азия Даму Банкі (АДБ) өз болжамына сәйкес, Қазақстан экономикасы биыл 4,5% өсіп, 2024 жылы көрсеткіш 4,3% құрауы мүмкін. Экономикаға әсер ететін тәуекелдер арасында АҚШ-тағы жоғары ставка, Эль-Ниньо феномені әсерінен ауа райының құбылуы және Украинадағы соғыс әсерінен тауар айналымының тежелуі көрсетілген.

Тәуекелдер арасында ұйым АҚШ-тағы және басқа дамыған елдердегі жоғары ставкаларды атап өтті, олар дамушы нарықтардан инвесторларды тартып, олардың ұлттық валюталарына қысым жасайды, сонымен қатар ауа райы құбылысы мен Украинадағы қақтығысқа байланысты жеткізілім үзілістерін көрсетеді.

Өз кезегінде, Халықаралық валюта қоры қазан айында Қазақстан экономикасының 4,6% өсуін болжаған. Мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық даму болжамында 2023 жылы 4% өсім тіркеледі делінген. Қараша айының ортасында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде өсімді 5% деп бағаланған.

Жыл басында ЕАДБ сарапшылары 2023 жылы Қазақстанда экономикаға бюджеттен бөлінетін қаржы қолдау көрсетеді деп пайымдайды

Сондай-ақ оқыңыз