Apple капитализациясы рекордтық деңгейге көтерілді

Жарияланды
Apple капитализациясы рекордтық деңгейге көтерілді / REUTERS/Yves Herman/File Photo

Apple акциялары сәрсенбіде рекордтық деңгейге көтерілді. Бұған Федералды резервтік жүйе 2024 жылы пайыздық мөлшерлемені төмендету мүддесі әсер етті.

Reuters мәліметінше, Apple акциялары 1,7% өсті және Nasdaq негізгі сауда сессиясында бір акция үшін 197,96 доллар деңгейінде аяқтады. Бұл жаңа рекорд. Алдыңғы рекорд осы жылдың 31 шілдесінде қойылып, компания қағаздары 196,45 долларға жеткен. Осы жолы постмаркетте Apple бағасының өсуі бір қағаз үшін 198,53 долларға дейін жетті.

Әлемдегі ең қымбат компанияның капитализациясы қазір 3,08 трлн долларды құрайды. 2023 жылы Apple акциялары 52% өсті. Осы уақыт ішінде Dow Jones индексі 12%, S&P 500 индексі 23% көтерілді.

ФРЖ пайыздық мөлшерлемені ең жоғары деңгейде сақтап қалады деп күтілуде. Резервтік жүйенің орташа болжамына сәйкес, базалық мөлшерлеме 2024 жылдың соңына қарай 75 тармаққа түсіп, 4,6% дейін төмендейді. 2025 жылдың аяғында мөлшерлеменің жаңа медианалық болжамы 3,6%, 2026 жылдың аяғында 2,9% құрайды. Қыркүйек айында 2024, 2025 және 2026 жылдарға арналған орташа болжамдар сәйкесінше 5,1%, 3,9% және 2,9% құрайды.

Financial Times жазуынша, ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл сәрсенбіде реттеуші органның ақша-несие саясатын қатаңдатуды аяқтап, 2024 жылы ставкаларды төмендете бастайтынын айтқан. Желтоқсан айының басында Пауэлл мөлшерлемені төмендетуге әлі ерте екенін ескертіп өткен.

Apple компаниясы Apple Pay-мен бәсекелесетін басқа төлем сервистеріне NFC модулін ашуы мүмкін. Бұл өзгеріс тек еуропалық нарыққа ғана бағытталған. Басылымның хабарлауынша компания бұл қадамға Еуроодақ қысымынан кейін барған. Осылайша Apple компаниясы ЕО-ның монополияға қатысты айыптауларынан құтылып, айыппұл төлеуден құтылып кетпек.

Осыған дейін Оңтүстік Кореяның телекоммуникация секторының реттеушісі Alphabet Inc құрамына кіретін Google мен Apple Inc. компанияларына қомақты айыппұл салатыны туралы ақпарат тарады. Реттеуші бұл компанияларды нарықтық позицияны теріс пайдаланды және мобильді төлемдер саласындағы жергілікті реттеуді бұзды деп айыптаған.

Ал тамызда Ресей соты Apple компаниясына тыйым салынған ақпаратты жоймағаны үшін айыппұл салды. Онда Apple жойылатын ақпаратты жоймағаны үшін кінәлі деп танылған. Apple корпорациясына 400 мың рубль көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз