Жаңалықтар

15 желтоқсаннан бастап Алматы мектептері офлайн оқуға көшеді

Алматы мектептері оффлайн

Алматы мектептері оффлайн оқуға оралады

15 желтоқсанна бастап Алматы мектептері оффлайн оқуға көшеді. Бұл жайлы Алматы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қаласының Білім басқармасы 2023 жылғы 15 желтоқсанда 0,1-9 сынып оқушылары дәстүрлі оқытуға көшетінін хабарлайды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, 15 желтоқсанда Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -6-8 аяз»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Алматы мектептерінің 0-9 сынып оқушылары қатты аязға байланысты онлайн оқытуға көшіріліген болатын.

«Қазгидромет» ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында қолайсыз ауа райы жағдайы күтілетінін хабарлайды (13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус). Осыған орай ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді»,- деп хабарлады Білім басқармасы.

Осыған орай Алматы қаласы ТЖД алматылықтарды тауға шықпауға шақырды. Қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түсетіні хабарланды. Азаматтарға тауға шықпауға, сондай-ақ 112-қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамау ұсынылды. Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелеріне көлігін ағаштың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына қоймауға кеңес берді.

Ал 12 желтоқсанда аязға байланысты Астана қаласының студенттері мен жоғары сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үндеу жасап, аязды күні далаға көп шықпауды ұсынды.