Жаңалықтар

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырды

Фото: ҚР ТЖМ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз. Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз»-делінген хабарламада.

ТЖМ еліміздің барлық тұрғындарына үйлеріңізде келеңсіздіктерді болдырмауға көмектесетін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

– мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет;

– ақауы бар жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;

– қуаты жоғары құрылғыларды бір уақытта қосу арқылы электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер;

– балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаңыздар.