Мереке күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді

Жарияланды
Мереке күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді / МКК

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қантарда жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды», – делінген хабарламада.

Алайда Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.

Сонымен қатар, комитет өткізу пунктерінде кезек пайда болмас үшін тасымалдаушыларға және Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге ниет білдірген азаматтарға ауа райы жағдайларын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын ала жоспарлап, өткізу пунктіне броньда белгіленген күні келуді ескертті.

Айта кетейік, Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу үшін  «CarGoRuqsat» электронды кезек жүйесіне тіркелу қажет.

10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім күшіне енді. Екі елдің бірінде 30 күннен артық болу қажеттігі туындаса, азаматтар тиісті санаттағы кіру визасын рәсімдеуі қажет. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет жасауға құқық бермейді.

Сондай-ақ оқыңыз