Яндекс қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жарияланды

Yandex.kz сайтындағы, Яндекс Қазақстан іздеудің басты бетінде, еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған кескін пайда болды. Оны шерту арқылы қолданушылар «Қазақстанның тәуелсіздік күні» сұранысы бойынша іздеу нәтижелеріне өтеді және мемлекеттік мереке, оның тарихы және республикамыз үшін маңызы туралы біле алады.

Мерекелік суреттемеде көгілдір аспан мен ұлттық ою аясындағы бүркіт бейнеленген. Алтын қыран — Қазақстанның ең басты сиволдарының бірі. Ол күштің, еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі және еліміздің туында бейнеленген.

Яндекс Қазақстан еліміздің ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне ерекше көңіл бөледі, себебі олар қазақстандықтардың тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Бұрынырақ, қыркүйекте компания Алматы тұрғындарын қала күнімен құттықтады – Яндекс Қазақстан іздеудің басты бетінде қаламен тығыз байланысты символдар бейнеленді. Сондай-ақ, компания жиырма миллионыншы қазақстандықтың дүниеге келуін, «Қазақстан халқы» сұранысы бойынша іздеу нәтижелерінде отшашумен атап өтті.

Яндекс Қазақстан компаниясы туралы

Яндекс Қазақстан— машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобларды да дамытуда.

Сондай-ақ оқыңыз