«Алматы-Ташкент» бағытында жол учаскелері жабылды

Жарияланды
Көлік министрлігі
«Алматы-Ташкент» бағытында жол учаскелері жабылды / shutterstock

Ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» бағытындағы жол учаскелері жабылды.

«ҚазАвтоЖол» Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауынша, 2023 жылғы 16 желтоқсанда сағат 08:50-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» 59 км мен 143 км аралығында автомобиль жолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабық.

Ақпаратқа сүйенсек, жаңбыр жауып, көктайғақ болғандықтан Алматы облысы Жаңақұрылыс ауылынан бастап Жамбыл облысының шекарасына дейін жол жабылған.

Еске сала кетсек, ТЖМ Жамбыл облысында жолда қалған адамдарды құтқаруға Қырғызстан ТЖМ күштері көмектесіп жатқанын хабарлады. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мамандар мен арнайы техника жіберген. Олар қазақстандық құтқарушыларға Алматы-Ташкент тас жолында тұрып қалған жүргізушілер мен жолаушыларды эвакуациялауға көмектесіп жатыр. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысында 11 жолаушылар пойызы жолда қалды. Олардың әрқайсысында 500-700 жолаушы бар. Төтенше жағдай салдарынан 11 жолаушылар пойызымен бірге 12 жүк пойызы өз уақытынан кешіккен.

Сондай-ақ оқыңыз