Жаңалықтар

Алматыда Мәскеу сауда орталығында жаппай төбелес болды

Фото: Ашық дерекөздер

Алматыда Мәскеу сауда орталығындағы дүкендердің бірінде төмендетілген бағамен сауда жүріп, соңында жұрт жаппай төбелес ұйымдастырды.

«Көпшілікті дүрліктірген сауда орталығындағы акцияны ұйымдастырған бутик әкімшісі жауапқа тартылады, оның әрекетіне заңдық баға беріледі», – деді Алматы полиция департаменті.

Жаппай сатылымының кесірінен басқа бутиктердің терезелері сынған. Аталған оқиға @100baksoff қоғамдық парақшасында жарияланған.

Сауда жасаушылардың көп келуіне байланысты Алматы сауда орталығында төтенше жағдай орын алды. Жиналған халық бірнеше сауда нүктелері мен дүкен сөрелерін қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция шақырылып, адамдарды эвакуациялауға тура келді,- делінген Instagram желісінде.

Қазіргі уақытта сауда кешені қоршалып, барлық есіктер жабылды. Эвакуация кезінде апаттық сирена іске қосылған.