Яндекс серверлері 2024 жылдың соңына дейін Қазақстанға көшіріліп бітеді

Жарияланды
«Яндекс» ЖШҚ өз серверлерін Қазақстанға көшіруді бастады/kursiv.media

«Яндекс» ЖШҚ өз серверлерін Қазақстанға көшіруді бастады. Бұл жұмыс 2024 жылдың соңына дейін аяқталу керек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің «Курсивке» сауалына берген жауабында айтылған.

«Яндекс» ЖШҚ(бұдан әрі – Компания) өкілдері Қазақстан Үкіметімен кездесуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және дербес деректер және оларды Компанияның қорғауы туралы заңнамасының барлық талабын орындау туралы келісімге келген.

Компанияның жергілікті өкілдігі «Траснтелеком» АҚ-мен Мәліметтерді өңдеу орталығын жалға алу шартын жасады.

Ал  Yandex Cloud-тың Қазақстандағы қолжетімді бірінші аумағы Қарағанды қаласында орналастырылатын болады.

Компания ақпаратына сүйенер болсақ, қазіргі таңда деректерді өңдеу орталығын IT-инфрақұрылымының қажетті компоненттеріне монтаждауға дайындық жүріп жатыр. 2023 жылы қыркүйекте желілік және серверлік жабдық құрылған.

Қазақстанда орнатылған жабдыққа Yandex Cloud-тың бағдарламалық бөлігін қамтамасыз етуді енгізу процесі кемінде 6 айға созылады. Сонымен қатар «Яндекс» ЖШҚ деректерді өңдеу орталығын еліміздің аумағына көшіру бойынша меморандум мен жол картасын ұсынды.

Жалпы бұл жұмыс 2024 жылдың соңына дейін бітіру көзделіп отыр.

Бұған дейін «Яндекстің» қазақстандық баспасөз қызметі БАҚ-та тараған Қазақстанның «Yandex Go» сервисін тұтынушыларының жеке деректеріне Ресейдің федералдды қауіпсіздік қызметі қол жеткізе алады деген ақпаратқа түсініктеме берген.

9 тамызда Қазақстандағы Интернетті пайдаланушылардың көпшілігі Yandex.kz сайтын аша алмады. ҚР Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстандықтардың деректерін республика аумағынан тыс жерде сақтағаны үшін Yandex.kz домені бұғатталғанын айтқан.

Содан кейін Яндекс компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға дайын екендігін айтып, өз доменін Қазақстан аумағына көшіру үшін уақыт беруін сұраған.

Сондай-ақ оқыңыз