Сергек жаяу жүргінші жолағында жол бермейтіндер мен қауіпсіздік белгісін тақпайтындарды анықтайтын болады

Жарияланды
sergek камералары

Сергек жаяу жүргіншіге жол бермейтіндерді тіркейді / kursiv.media

Алматыдағы Сергек камералары (интеллектуалды жүйесі) жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан адамдарды елемейтін көлік жүргізушілерін тіркейтін болады. Бұл туралы ІІМ ресми сайты хабарлады.

Пилоттық жоба Алматыда іске қосылған. Жобаның мақсаты – жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, ықтимал қауіпті жүргізушілерді анықтау.

Әзірлеушілер жобаның жаңашылдығы ретінде жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеу екенін айтып отыр.

Анықталған бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес тіркеледі. Егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып саналмайды. Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады. Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып тіркеледі.

Сондай-ақ интеллектуалды жүйе жүргізуші мен көлік құралының алдыңғы орындықтарында жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпай отырса, оны да заңбұзушылық ретінде тіркейтін болады.

Бір жыл бұрын Алматы қаласы жолдарында 5 мыңнан аса фото және бейнебақылау камералары бар екенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз