Сұңғат Есімханов 3 жылдан соң қайтадан энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Жарияланды
Шығарушы редактор

2018-2020 жылдары Энергетика вице-министрі болған Сұңғат Есімханов осы қызметке қайта тағайындалды. Бұл туралы Премьр-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сұңғат Есімханов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды», делінген үкімет хабарламасында.

1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген Есімханов 2022 жылдан Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы еді.

Сонымен қатар, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары және «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Бұл жолы Сұңғат Есімханов жақында ғана қызметінен босаған вице-министр Жандос Нұрмағанбетовтың орнына тағайындалды. Жандос Нұрмағамбетов 2021 жылдың 13 желтоқсанынан бері электр энергетикасы мәселелеріне жауапты еді.

7 желтоқсаннан бері Қазақстанға -42°С дейін аяз келіп, соның салдарынан бірнеше электр станциясы мен жылу желілерінде технологиялық ақау тіркелді. Салдарынан Екібастұз, Теміртау, Балқаш, Ақтау, Риддер және Степногорск қаласының тұрғындары жылусыз қалды.

Нұрмағамбетовтың қызметтен кеткенін министрлік 15 желтоқсанда хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз