Freedom Finance Insurance басқарма төрағасы Азамат Керімбаев сақтандыру компаниясының болашаққа жоспарын жариялады. Оның айтуынша, туристік сақтандыруды цифрландыру және сақтандыру өтемақысын төлеуді жеңілдету жоспарланған.
«Туристерді сақтандыру бағыты да цифрландырылады. Егер жүк жоғалса немесе рейс кешіккен жағдайда клиенттер сақтандыру өтемін тікелей әуежайда ала алады. Біздің түпкі мақсатымыз: өмірде қандай жағдай орын алса да, клиенттер өзін еркін сезініп, әрі сақтандыру өтемін тез және еш қиындықтарсыз аларына сенімді болуы керек. Бұл біздің бизнеске деген көзқарасымыздың негізі, ол бізге өнімділікті айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді, әрі болашақта жоғары технологиялық және тұтынушыға бағытталған компания мәртебесін сақтай отырып, нарықта қарқынды, табысты дамуға көмектеседі”, – деп атап өтті ол.
Керімбаев компания келер жылы цифрлық қызметтерді дамытуды жалғастыратыны айтып өтті. Бірінші кезекте автокөлікті ерікті сақтандыру цифрдандырылмақ. Жасанды интеллект КАСКО-ны жаңа сервис деңгейіне көтереді.
Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы басшысы кейінгі екі жылда цифрландыру және жасанды интеллектті пайдалану сатылымды екі есе арттыруға мүмкіндік берді деп тұжырымдайды. 2024 жылы компания жоғары сұранысқа ие бүкіл өнімін цифрлық қызметпен қамтуды жоспарлап отыр.
Азамат Керімбаев 2023 жылы компания активтерін 100 млрд теңгеге дейін жеткізгенін мәлімдеді. Ол 2022 жылдың аяғында 33,65 млрд теңгені құраған. Жеке капитал бір жылда 5,27 миллиардтан 20 миллиардқа дейін өскен. Сонымен қатар компания сатылымы бір жылда екі есе өскен: 11 айда 21,5 млрд теңгені құрады. Ал 2022 жылы 10,5 млрд теңге болды.
Сонымен қатар компания биыл сату арналары мен өнім желісін әртараптандырған. Бұған дейін көлік иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына баса назар аударылатын. 2023 жылы Freedom Insurance ерікті автосақтандыру сатылымдарын арттырды. Компания жаһандық қайта сақтандыру нарығына шығып, бір жыл ішінде осы сегменттегі жинақтарды 20 есеге арттырды. Сонымен қатар, сақтандырудың корпоративтік түрлерін дамытуға және Қазақстанның өңірлерінде сақтандыру компаниясының жаңа филиалдарын ашуға көп көңіл бөлінген.
«2023 жылы Freedom Insurance дамуының негізгі драйвері цифрландыру болды. Компания цифрлық автосақтандыруды дамытуда ең үлкен жетістікке жетті. dtp.kz порталы іске қосылды. Жаңа цифрлық шешімдердің көмегімен төлем мерзімі нарықта жалпы қабылданған үш айдан 3-5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Құжат айналымы және құжаттаманы өңдеу уақыты түбегейлі қысқартылды: кәсіпорын барлық негізгі құжаттарды, соның ішінде жол-көлік оқиғалары туралы актіні мемлекеттік органдардың ресми деректер базасынан алады», – деді ол.
Автокөлік жөндеу орталықтарын кредиттеу жүйесінің пайда болуы Freedom Insurance клиенттеріне автокөліктерді жөндеу үшін олармен жедел байланысуға мүмкіндік берген: бұл автокөлікті жөндеу құнын бағалау бойынша дауды азайтып, автокөлік иелерінің уақыты мен жүйкесін үнемдейді. Сонымен қатар, бұл тәсіл қанағаттанған тұтынушылардың ұсыныстары арқылы сатуды арттыруға мүмкіндік береді.
Freedom Finance Insurance СК АҚ – тұтынушыларға жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін озық цифрлық технологияларды пайдаланатын қазақстандық сақтандыру компаниясы. Компания 2009 жылдың 9 маусымында тіркелді, 2018 жылы 29 қазаннан бастап Freedom Finance Insurance СК АҚ деп аталады.
тамыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Freedom Holding Corp. мен оның Қазақстан нарығыда жұмыс істейтін еншілес ұйымдары: «Банк Фридом Финанс» АҚ, «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ, «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ-ның қаржылық тұрғыдан орнықты екенін растаған.