«Самұрық-Қазына» 2024 жылы қанша қарыз ала алады

Жарияланды
«Самұрық-Қазына» 2024 жылы қанша қарыз ала алады / коллаж kursiv.media

Ұлттық экономика министрлігі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен «Бәйтерек» холдингіне сыртқы борыштың шекті көлемін бекітуді жоспарлар отыр.

Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрыққа сәйкес, жоспар бойынша 2024 жылы «Самұрық-Қазынаның» сыртқы борышы шекті 12,5 млрд доллардан, ал «Бәйтерек» сыртқы борышы шекті 5 млрд доллардан аспауы қажет. Доллар курсы 460 теңге деп бекітілген.

Бұйрық жарияланғаннан 10 күн өткеннен кейін ресми күшіне енеді. Оның орындалуын Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин қадағалауға тиіс.

Бұйрық қосымша жарияланған жобада бұйрықты іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінуге тиіс екені жазылған. Одан бөлек, бұйрықтың іске асуы әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық өзгерістерге алып келмейді және ұлттық қауіпсіздік саласына әсерін тигізбейтіні жазылған.

Үкімет 2022 жылы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор борышының жиынтық мөлшерін жалпы ішкі өнімге шаққанда 53,5% шектеген. Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілері атынан қарыз алушылар Үкіметке тоқсан сайын қарызды төлеу бойынша есеп беріп отыруға міндеттелген.

Сондай-ақ оқыңыз