Үкімет қосымша құн салығы мөлшерлемесін өсірудің инфляцияға әсерін түсіндірді

Жарияланды
Үкімет қосымша құн салығы мөлшерлемесін өсірудің инфляцияға әсерін түсіндірді / коллаж kursiv.media

Премьер-министрдің орынбасары әрі қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қосымша құн салығы мөлшерлемесін (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға өсіру инфляцияға бір рет әсер етіп, ал бюджетке ұзақ уақыт пайдасын тигізетінін айтты. 

Мәжіліс депутаттарының депутаттық сауалына жауап берген вице-премьер Қазақстанда ҚҚС жинау жақсы деңгейде екенін атап өткен.

«Бірінші кезекте ҚҚС мөлшерлемесін арттыру бюджетке жылына 2-2,4 трлн теңге мөлшерінде пайда түсіреді. Бұл Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттердің мөлшерін қысқартуға мүмкіндік береді және нәтижесінде Ұлттық қордағы жинақ сақталады», – деп атап өтті Жамаубаев.

Ол көлеңкелі экономиканың деңгейі мен ҚҚС мөлшері өсуінің арасында байланыс жоқ екенін жазған. Қазақстанда 2006 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 15% болғанда сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың ЖІӨ шаққандағы мөлшері 2,7% болған. Ал кейінгі жылдары ҚҚС 12% төмендегенімен көлеңкелі экономиканың ЖІӨ шаққандағы мөлшері 9,2% жеткен.

«Мөлшерлеменің төмендеуіне қарамастан, саудадағы көлеңкелі экономика деңгейі төмендеген жоқ. ҚҚС мөлшерлемесінің 12% төмен болғанына қарамастан, Қазақстандағы көлеңкелі экономика деңгейі ҚҚС мөлшерлемесі жоғары Еуропа елдерінен жоғары», – деп атап өтті Жамаубаев.

Ол ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру инфляция деңгейіне айтарлықтай өзгеріс алып келмейтінін (шамамен 5,5%-дан 7,5%-ға) айтады. Мөлшерлеменің өсуі инфляцияға бір рет қана әсер ететінін атап өткен.

«Сонымен қатар, ҚҚС өсімінің инфляцияға әсер жылына бір рет байқалады. Ал бюджетке түсетін пайда жыл сайын өседі. ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі аса қажет тауарлер бағасына айтарлықтай әсер етпейді»,– деп сендірген вице-министр.

Ол бірқатар импорттық азық-түлік бағасының өсуі қазақстандық тауарлардың тез сатылуына әсер ететінін айтты. Салық режимімен субсидияларды пайдаланатын отандық тауар өндірушілерге импорттық тауарларды алмастыруға жол ашпақ.

«Ауыл шаруашылығы тауарларына ҚҚС бойынша төмен жүктемені ескере отырып, азық-түлік өнімдерінің құнына ҚҚС  қатты әсер етпейді деп күтілуде. Дәрілік заттардың айналымы да ҚҚС-тан босатылады», –деді Жамаубаев.

Депутаттық сауалға берілген жауапқа сүйенсек, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу кезінде ҚҚС мөлшерлемесі де қарастырылатын болады.

Осыған дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қосымша құн салығын (ҚҚС) мөлшерлемесін 12-ден 10%-ға дейін төмендетуді ұсынған

Сондай-ақ оқыңыз