Үкіметтің баспасөз орталығында журналистер сауалына жауап берген Экология министрі Ерлан Нысанбаев Әлия Назарбаеваның қоқысты бөлу және өңдеу жұмыстарына қатысы жоқ екенін ресми мәлімдеді. Ал көлік министрі Марат Қарабаев Назарбаеваның ҚТЖ билеттерін сатумен айналысатын компанияға қатысы жоқ екенін айтты.
Журналистер министрден «ӨКІМ операторы» өндірісінің меншік иесі туралы сұраған еді.
«Қазіргі таңда ӨКМ 100% мемлекетке тиесілі. Осыған дейін жеке кәсіпкерге тиесілі болған. Бәлкім бұрын оған (Әлия Назарбаеваға – ред.) тиесілі болған да шығар. Нақты білмеймін», – деді министр.
Өз сөзінде ол дәл қазіргі уақытта Әлия Назарбаевның қоқысты бөлу, жинау және қайта өңдеу жұмыстарына қатысы жоқ екенін айта кетті.
«Ресми түрде айтарым, қазіргі таңда қоқысты бөлу, өңдеу жұмыстарына байланысты бірде бір өндірістің Назарбаеваға қатысы жоқ», – деді министр.
Сондай-ақ, Үкіметте журналистер көлік министрі Марат Қарабаевтан Әлия Назарбаеваға тиесілі болған «Инстант Пейментс» ЖШС-мен ҚТЖ билеттерін сату арасындағы келісім туралы сұрады. Оның айтуынша, келісімді бірден бұзу мүмкін емес, себебі тұтынушылар зардап шегуі мүмкін.
«Сіз атап өткен тұлға (Әлия Назарбаеваға – ред.) сіз айтып отырған компанияның («Инстант Пейментс» – ред.) құрылтайшысы емес», – деді министр.
Айта кетейік, осыған дейін ҚТЖ-ның Әлия Назарбаеваға тиесілі болған компаниямен келісім шартты неліктен үзбегенін түсіндіріп өткен едік.
Ал утильалымды ұзақ уақыт бойы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаевамен байланысты «ӨКМ операторы» компаниясы жинап келді.
2022 жылдың қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, утильадымды жинау қызметі «Жасыл даму» мемлекеттік кәсіпорнына берілді. «Оператор РОП» кәсіпорнын иелері мемлекетке сыйға тартты.
Сол жылы утильалым мәселесін басқарған Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғаны белгілі болды.
2022 жылдың наурызында «ӨКМ Операторының» бұрынғы бас директоры қамауға алынып, Светлана Коротенкоға 20 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды.
2023 жылдың қараша айында Астанада «ӨКМ операторы» бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтароваға сот үкімі шықты. Ол қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығы шектелді.