Жаңалықтар

«Алматы апорты» халықаралық бренд ретінде қашан тіркеледі – Әділет министрлігі жауап берді

Алматы апорты

«Алматы апорты» Қазақстан бренді болып 13 қазанда тіркелген / Фото: kursiv.media

«Алматы апорты» Қазақстан бренді ретінде тіркелді. Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова айтты. Басқарма қазір халықаралық тіркеуге өтініш берген.

Жалпы 2023 жылдың қорытындысы бойынша зияткерлік меншік объектілеріне берілген қорғау құжаттарының саны шамамен 12 мыңға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға көп екен. Солардың арасында Алматы апорты да бар.

«Осы жылдың 25 сәуірінде географиялық көрсеткіш бойынша TURKISTAN шоколады мен TURKISTAN балмұздағы тіркелді. Ал 22 тамызда қарағандылық балмұздақ тіркелді. Сондай-ақ CHACHA Ча-ча 2023 жылдың 6 қазанында тіркелсе, Алматы апорты 13 қазанда тіркелді», – деді Жақселекова.

Вице-министрдің айтуынша апорттың халықаралық бренд ретінде тіркелуі ұзақ процесс. Сол себепті не ұзақ уақыт қажет.

2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алма бақтарын сақтау мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды. Ал 2022 жылдың 31 қазанында Президент алматылық алма бүкіл әлемге танымал ұлттық брендке айналуы мүмкін екенін айтқан.

Қазақстан бренді ретінде тіркелген соң, алматылық апорт шетелдік сауда орындарында сатылатын болса, географиялық көрсеткіші Қазақстан деп көрсетілетін болады. Мәселен, Франция шарабы пен пармезан сыры, Ресейдің Алтай балы сынды өзіндік бренді бар. Алматы апорты да сондай брендке айналады. Министрліктің мәлімдеуінше, енді Қазақстанды Алматы апортымен танымал ету жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, Әділет министрлігі «Алматы апорты» қазақстандық бренд ретінде тіркелгенін, ол шетелдерде заңмен қорғалатынын мәлімдеді. Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, қазақстандық алма өсірушілер қауымдастығы Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтініш берген. Онда Алматы апортының географиялық көрсеткіші, яғни шығу тегі Қазақстан екенін растауын сұраған. Ауқымды жұмыстар нәтижесінде бұл растау аяқталған.

Енді әлемдік сауда нарығында Алматы апортының шығу тегі Қазақстан екенін мойындату жұмыстары жүргізіледі. Яғни отандық апорт өндірушілері бұдан былай қарай сауда жасауға ниетті елдердің тізімін жолдап отырады.

«Алматы апорты» мемлекеттік реестрлер тізімінде қазақстандық бренд ретінде тіркелгенін Әділет министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында ведомстваның ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық алма өсірушілер қауымдастығы Ұлттық зияткерлік меншік институтына алматы апортының географиялық көрсеткіші, яғни шығу тегі Қазақстан екенін растау туралы өтініш жолдаған. Ауқымды жұмыстар нәтижесінде бұл растау аяқталды.

«Енді алматылық апорт шет елдік сауда орындарында сатылатын болса географиялық көрсеткіші Қазақстан деп көрсетілетін болады. Өздеріңіз білетіндей, Франция шарабы пен пармезан сыры, ал Ресей Алтай балымен танымал. Енді Қазақстанды Алматы апортымен танымал ету жолында жұмыстар жүргізілуде», – деді Талғат Уәли.