Финам Қазақстанға келмек. Фото: ТАСС/Антон Белицкий
«Финам» инвестициялық холдингі президенті Владислав Кочетков Қазақстан мен Баларусь нарығына шықпақ екендерін мәлімдеді. Бұл туралы РБК хабарлайды.
Инвестициялық компанияның Беларусь пен Қазақстандағы өкілдіктерінде өзіндік ерекшеліктері болады.
Владислав Кочетковтың айтуынша, Қазақстанда ресейліктермен де жұмыс істейтін компания құрылса, Ал Беларусьте криптомен жұмыс істейтін брокер іске қосылмақ.
Қазақстанда 2014 жылдан бері «Финам» халықаралық серіктесі – Just2Trade жұмыс істейді. Сондай-ақ қазақстандық инвесторлар Финамның өзімен тікелей жұмыс істеп, қашықтан шот аша алады. Дегенмен ресейлік холдингтің жергілікті биржаларға әлі де тікелей қатынасы жоқ.
«Қазақстан нарығына брокер-компания ашу арқылы шықпақпыз. Ресейлік брокермен саудаға қосылу мүмкіндігін де қарастырып жатырмыз. Негізінен жергілікті брокер арқылы жұмыс істейміз деп отырмыз», – деді Кочетков.
Брокер 2024 жылдың ІІІ-ІV тоқсанында ашылы мүмкін.
Ресейлік брокер осылайша ресейлік нарықтың тарылып келе жатқанын мойындапты.
«Нарық тарылып келе жатқандықтан, ресейлік клиеттерің жұмыс істеп, қаржы табуына мүмкіндік бертін жаңа нарық қарастырып жатырмыз», – деді компания президенті.
Ал жергілікті инвесторларға «қолайлы шарттар» ұсынылатын көрінеді.