2024 жылы орташа зейнетақыға 10 мың теңге қосылады

Жарияланды
пенсия
2024 жылы орташа зейнетақыға 10 мың теңге қосылады / shutterstock

2024 жылы Қазақстанда орташа зейнетақы 10 мың теңгеге өседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен отырыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Министрдің айтуынша, 2023 жылы орташа зейнетақы мөлшері 120 мың теңге болса, 2024 жылы 130 мың теңгеге жетеді. Бұл БЖЗҚ төлемдері қосылмайтын бюджеттен төленетін зейнетақыға қатысты.

Министр базалық зейнетақы төлемі тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Қауесет сөздерге келсек, базалық зейнетақы төлемі сақталады. Осы жылы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі 54% күнкөріс деңгейінен 60% дейін өсті. Келер жылы тағы 5% өсіреміз деген жоспар бар. Оған қоса, бізде 7% инфляция деңгейіне индекстеу болады», – дейді Жақыпова.

Осыған дейін 2024 жылы базалық зейнетақы – 7 пайыз өссе, ынтымақты зейнетақыға 9 пайыз қосылатынын жазған едік.

6 желтоқсанда 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң бекітілді. Соған сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 9 пайызға көтеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз