Жаңалықтар

Қазақстанда жүрген шетел азаматтары туралы ақпарат Migration.enbek.kz порталында жарияланатын болады

шетел азаматтары
Фото: Еңбекмин

Елімізде жүрген шетел азаматтары туралы ақпарат топтастырылатын Migration.enbek.kz көші-қон ресурстар порталы іске қосылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл портал келетін шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді. Сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингтеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа.

«Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді»,делінген министрлік сайтында.

Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар, мысалы:

«Қандас» мәртебесін беру;

Қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу;

«Ата жолы» картасын беру;

Пана іздеуші адам куәлігін алу және т. б.

Бұған дейін, атажұртқа оралған азаматтарға «Қандас» мәртебесін беру тәртібі жеңілдетіні хабарланған еді. Олардың өтінімдері Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданатыны жазған болатынбыз.

.