Halyk Finance сарапшылары тауарлар импортының өсуін Ұлттық қор трансферттерімен байланыстырады

Жарияланды
Halyk Finance сарапшылары тауарлар импортының өсуін Ұлттық қор трансферттерімен байланыстырады / kursiv.media

Halyk Finance Қазақстанның төлем балансының ағымдағы жай-күйін талдап, өткен жылғы профициттен кейін жыл қорытындысы бойынша ағымдағы операция шоттарының тапшылығы пайда боуы мүмкін екенін болжады. Ақпарат компанияның сайтында жарияланды.

Ағымдағы операциялар шоты тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортынан түскен ақша аударымдарын, сондай-ақ өндірістік табыспен (инвестициялық кіріс, рента төлемдері, жалақы) және трансферттік төлемдерден түскен таза қаржыны қамтиды. Ағымдағы операциялар шоты қаржылық шотпен бірге елдің төлем балансының негізгі бөлігі болады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ағымдағы операциялар шоты 7,1 млрд доллар профицитпен қалыптасты (наурыз айында Ұлттық Банк 8,5 млрд доллар  профицит жайлы есеп берген). 2022 жыл бірнеше тапшылық жылынан кейін алғашқы табыс жылына айналды. Яғни республикадан шыққан қаржы түскен пайдадан асып кеткен. 2021 жылы тапшылық 2,6 млрд долларды құрады. 2020 жылы ол рекордтық 11 млрд долларға (ЖІӨ-нің 6,4%) жетті.

Halyk Finance сарапшылары қазан айында тіркелген Қазақстаннан тауарлар экспортының ең жоғары айлық көлеміне назар аударған. Ол 6,9 млрд долларды құрады. Бір мезетте импорт көлемі төмендеп, 2023 жылғы ең төменгі деңгейге жетті. Алайда жағымсыз тенденцияға әсер ете алмады: жылдың алғашқы 10 айында экспорт 8,9%, 64,6 млрд долларға дейін төмендеді. Импорт 22,8%, 49,5 млрд долларға дейін өсті.

«Бағаның төмендеуіне байланысты ағымдағы жылы көмірсутектер экспортынан түсетін пайданың 13% қысқаруы сыртқы сауда балансының нашарлауына әсер етті. Қазақстан экспорттайтын негізгі металдардың бағасы 10% төмендеді. Экспорттан түсетін кірістің ішінара төмендегеніне қарамастан, уран бағасы өскеннен кейін химиялық өнімдерді сыртқы нарыққа тасымалдаудың жалғасуы табысты бірқалыпты ұстауға мүмкіндік берді», – деп жазады Halyk Finance.

Әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасы қазақстандық экспорт құрылымының өзгеруіне әкелді. Шикізат тауарларының үлесі азайды, ал дайын өнім, керісінше, реэкспорт есебінен өсті. Ресейге тасымалдау 14%, қалған елдерге тасымалдау 11,5% төмендеді. Импорттағы Ресей үлесі екінші жыл қатарынан айтарлықтай төмендеді: 2021 жылы 42,3% және 2022 жылы 36,4% биыл 26,7%.

Авторлардың болжамына сәйкес, жыл соңына дейін тауарлар импортының өсуі тұтыну мен инвестициялық белсенділік және «ҚазМұнайГаз» акциялары мен «Самұрық-Қазына» облигацияларын сатып алу түріндегі Ұлттық қордан бюджетке «қосымша трансферттер» есебінен шамалы жеделдеуі мүмкін. Жыл қорытындысы бойынша ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 9 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 3,6% (Ұлттық банктің болжамы бойынша 3,5%) құрайды.

Айта кетейік, Ұлттық банк Ұлттық қордың активіне «ҚазМұнайГаз» компаниясының акцияларын сатып алған.

«2023 жылдың қазан айында Ұлттық банк Ұлттық қордың сенімді өкілі ретінде қордың 500 млрд теңге активін пайдаланып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акцияларын сатып алды. Бұған қарамастан, Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылы қазандағы трансферт құны 369,8 млрд теңгені құрайды», – делінген Ұлттық банктің Курсивке берген жауабында.

Республикалық бюджетке трансферт бөлу және ҚМГ акцияларын сатып алу үшін Ұлттық қордан 1,5 млрд АҚШ доллары сатылғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз