Астанада Жылу электр орталығында апатты жағдай туындады

Жарияланды
Астанада Жылу электр орталығында апатты жағдай туындады / shutterstock

Астанада Жылу электр орталығында апатты жағдай туынлап, тұрғын үйлерге жылу беру әлсіреді.

21 желтоқсан сағат 11:50-де жылу жүйесінде қысым әлсіреген. Тексеру жұмыстары кезінде жылу тасымалдау құбырларынан ақау табылған. Сағат 12:25-те аймақ қоршауға алынды. Жылу тасымалдау құбырларындағы қысым бір сағат көлемінде өз қалпына келуі қажет.

ЖЭО басқарушы компания апатты жағдай туындауына байланысты жылу берудің әлсірейтіні туралы ақпарат таратып, мәселенің 2 сағат ішінде шешілетінін айтты.Жезқазған қаласының әкімдігі 20 желтоқсан күні қаладағы ЖЭО қазандықтарының жағдайы туралы ақпарат берді. Ақпаратқа сәйкес, жағдай біршама тұрақталған. Сол аралықта Энергетика министрлігі де елдегі жалпы жағдайға шолу жасап, есеп берді.

Министрлік ақпаратына сенсек, ел ішінде электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбинаға жөндеу жасалған. Көмір қоры 4,9 млн тонна, мазут 108 мың тонна.

Оған қоса, министрлік бюджет есебінен жөнделген ЖЭО тізіп шығыпты. Көкшетау қаласының қазандығын жөндеуге 21,5 млрд теңге, Кентау қаласының ЖЭО жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 млрд бөлінген. Ал электр станцияларының иелері жөндеу жұмыстарына шамамен 16,5 млрдтеңге жұмсаған.

Еске сала кетсек, 10 желтоқсан күні «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС Екібастұз жылу электр орталығында апат болғанын хабарлады. Станцияның күл шығаратын құбырынан ақау шыққан болатын.

«023 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде тозу көрсеткіші 75%-дан асатын 47 жобаны іске асыруға 69,4 млрд теңге бөлінген болатын.

«Бұл қаражатқа шамамен 107 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жалпы 2029 жылға қарай жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендету міндеті тұр», – деген еді сол кездегі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріМарат Қарабаев.

Сондай-ақ оқыңыз