Қос халықаралық банк Көкшетаудағы аурухана құрылысына 220 млн еуро қарыз бермек

Жарияланды
Шығарушы редактор
Көкшетаудағы аурухана құрылысына қанша млн еуро қарыз алынады? Фото: kursiv.media

Көкшетау қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде 630 орындық көпсалады аурухана салынбақ. Оның құрылысына қос халықаралық қаржы ұйымы қарыз береді. Азия инфрақұрылымдық инвестициялау банкі 110 млн еуро қарыз берсе, Еуропа қайта құру және даму банкі де дәл сондай сомада несие бөледі. Бұл туралы жобаның халықаралық қаржы институты сайтында жарияланған қысқаша мазмұнында жазылған.

Жоба бойынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Көкшетау қаласында 630 төсектік көпсалалы аурухана құрылысы қаржыландырылмақ. Кейіннен оған мердігер қызмет көрсетіп, жобаны Қазақстан тарапынан Денсаулық сақтау министрлігі басқаратын болады. Жалпы келісім 7 жылға жасалған. Оның екі жылында аурухана салынса, кейінгі 5 бес жыл – пайдалану кезеңі.

АИИБ Көкшетау ауруханасы құрылысын Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп қаржыландырады. Бұл қаржы ұйымының сайтында ауруханаға 110 млн еуро көлемінде несие бөлуге ниетті екені жазылған, Алайда жобаның жалпы құны 467 миллион еуроға тең деп көрсетілген. Келісім 2024 жылдың наурызында бекітілуге тиіс.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру туралы келісімшарт бір жыл бұрын Ronesans түрік холдингінің еншілес компаниясы – Renell Kokshetau ЖШС-мен жасалған.

Renell Kokshetau қос банктен қарыз алып, көпсалалы аурухананы салады.

«Аурухана 10 қала, 17 аудан және 733 800 тұрғыны бар 203 ауылдық округті қамтитын Ақмола облысының денсаулық сақтау саласының қажеттіліктерін қанағаттандырады», делінген жобада.

Бұған дейін Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялау банкі және Азия даму банкінен 700 млн доллар несие алуға өтініш бергені белгілі болған.

Азия инфрақұрылымдық инвестициялау банкі жариялаған құжатқа сәйкес, Қазақстанға берілуі мүмкін қаржы 350 млн доллар деп көрсетілген. Алайда, бұдан бөлек, осы құжатта Қазақстанға Азия даму банкінен де 350 млн доллар қарыз берілуі мүмкін екені жазылып, жалпы қарыз көлемі 700 млн доллар деп көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, бұл қаржы Қазақстан үкіметіне COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіруге көрмектесуге тиіс. Қаражат банк саласы мен капитал нарығы және қаржылық тұрақтылық саласында реформа жасауға жұмсалуы қажет.

Осы ретте Жоғары аудиторлық палата басшысы Наталья Годунова халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған несиелер тиімді жұмсалмағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз