Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры кейінгі кезде «екінші бюджетке» айналып бара ма?

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: kursiv.media

Неліктен Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры кейінгі кезде «екінші бюджетке» айналып барады? Қазан-қараша айларында ол 1,3 трлн теңгеге ҚМГ акцияларын неге сатты? Қордың 1,9 трлн теңге таза табысынан қанша дивиденд төленді? Қор компаниялары бөлген субсидия көлемі қанша? «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтеповтің осы сауалдарға жауабы Тengenomika арнасында жарияланған.

ҚМГ акцияларын сатудан түскен қаржы бюджетке аударылған

Мирас Өтеповтің айтуынша, қордың «Қаңтар оқиғасынан» кейін жаңартылған стратегиясы инфрақұрылымды және тұтас экономиканы қолдауға бағытталған белгілі бір міндеттемелерді жүктейді.

Өтепов мәміленің жай-жапсары бұған дейін егжей-тегжей түсіндірілгенін атап өтті. Қор бұл жағдайда тек орындаушы болып отыр. Мәмілені мемлекеттік органдар жасаған. ҚМГ акцияларының 20%-ы үкіметке беріліп, республикалық бюджетке акцияларды сатудан түскен 1,3 трлн теңге көлемінде қаражат аударылған.

Ұлттық әл-ауқат қоры қанша дивиденд төледі?

«Самұрық-Қазынаның» былтырғы 1,9 трлн теңге таза табысынан бюджетке тікелей 238 млрд теңге дивиденд төлеген. Одан бөлек, үкімет тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаларға да қаржы бөлінеді.

Мират Өтеповтің айтуынша, қор екі озық ғылыми медициналық орталықтың құрылысына – 230 млрд теңге, перинаталдық орталыққа – 65 млрл теңге, Жетісу өңіріндегі әлеуметтік тұрғын үй құрылысына 12 млрд теңге бөлмек. Осы мақсаттарға биыл 170 млр теңге жұмсалған. Республикалық бюджетке төленген дивидендтермен қосқанда 400 млрл теңгеден асады.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қоры 67 млрд теңге немесе таза пайданың 7 пайызын «Қазақстан халқына» қорына бөлген. Қоғамдық қор шешіміне сәйкес, бұл қаражат қатерлі ісік пен сирек кездесетін аурулармен күресуге жұмсалады.

Ел экономикасына қанша субсидия бөлінді?

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры құрамындағы компаниялар ел экономикасын 1,2 триллион теңгеге субсидиялаған. Бұл тауар мен қызметті өзіндік құнынан арзанға сату.

«Дивидендтер, әлеуметтік жобалар, бюджетке түсетін салық пен 250 мыңнан астам қызметкерді қолдауды есепке алмағанда, топтың жекелеген компаниялары ел экономикасын 1,2 триллион теңгеге субсидиялайды. Мысалы, 2022 жылғы деректер бойынша, темір жол бағытында бөлінген субсидия 236 млрд теңгені құраған. Негізінен еліміздегі мұнай өнімдерінің бағасын тежеу ​​есебінен мұнай өнімдері 473 млрд теңгеге субсидияланған. Ішкі нарыққа газ сатудың бекітілген тарифінен жоғалған кіріс 178 млрд теңгені құраған, Газды экспортқа шығарса, әлдеқайда көп пайда табуға болады», – деді ол.

Сонымен қатар, топтың жекелеген компаниялары бағдарламаларында тарифпен қамтылмаған шамамен 256 млрд теңге инвестиция бар.

2023 жылдың қорытындысында «Самұрық-Қазына» АҚ 1,8 трлн теңге кіріс көреді деп болжанып отыр. Бұл өткен жылғы нәтижеден 5% кем көрсеткіш. Қордың экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтеповтің айтуынша, қазіргі саяси және макроэкономикалық жағдайды ескерсек, бұл жақсы нәтиже.

Ұлттық экономика министрлігі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен «Бәйтерек» холдингіне сыртқы борыштың шекті көлемін бекітуді жоспарлар отыр.

Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрыққа сәйкес, жоспар бойынша 2024 жылы «Самұрық-Қазынаның» сыртқы борышы шекті 12,5 млрд доллардан, ал «Бәйтерек» сыртқы борышы шекті 5 млрд доллардан аспауы қажет. Доллар курсы 460 теңге деп бекітілген.

Сондай-ақ оқыңыз