Жаңалықтар

«Таптым-ау сені» фильмінің 1 млрд теңгеден астам касса жинауының сыры неде?

«Таптым-ау сені» фильмінен алынған кадр

Қазақстанның үлкен экрандарына Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» дебюттік продюсерлік жобасы шыққанына біраз болды. Бұл фильмнің қазақ көрермендерінің арасында сұранысы артып, кассасы голливудтық «Вилли Вонкадан» да асып түсті.

Комедиялық қойлымның қоюшы режиссері Анвар Матжанов. «Таптым-ау сені» туындысында күделі мәселелер қамтылған. Бірақ сол мәселелер комедиялық ракурста баяндалып, көрерменді күлкіге кенелтеді. Бұл фильм үйлену тойымен аяқталатын кезекті комедиялық оқиға ғана емес, сонымен бірге ауылдағы махаббат хикаясын баяндайтын туынды. Мұндай форматтағы фильмдер біздің көрермендердің көңілінен шығатыны анық.

«Таптым-ау сені» фильмі не туралы?
"Таптым-ау сені"
Ескерту! Бұл мәтінде спойлер бар!

Фильмде жақын достар – Сәуле мен Жексен туралы баяндалады. Сәуле (Дариға Бадықова) жалғызбасты, күшті және тәуелсіз әйел. Ауылда тұрады, сондықтан оның ең жақын досы да қарапайым ауыл тұрғыны Жексен (Олжас Абай). Ол екеуінің ортақ бизнесі бар. Ол – түрік дәмханасының қожайыны Юсуфқа (Рустам Саидходжаев) су мен арақпен араласқан қымыз сатады. Сәуле мен Жексен бір-бірін жақын дос санап, еркін қалжыңдасады. Екеуі күнде таңертең мотоциклмен қалаға қымыз тасып, содан кейін бірге самса жеуге барады. Бұл дәстүрлері екеуіне де ұнайды.

Бір күні Жексеннің әжесі (Әлихан Ыдырышева) ақырғы өсиетін айтып, немересін үйлендіргісі келетінін жеткізеді. Ол Сәулеге келін тауып беруді тапсырады. Қазақ салтына сәйкес қарттардың сөзін жерде қалдыруға болмайды. Содан Сәуле мен Жексен үйге келін түсірудің түрлі әрекеттерін қарастыра бастайды. Өздеріне ұнаған қыздарды көшеден ұрлап көреді, қоқан-лоққы көрсетеді, әлеуметтік желі арқылы танысып та көреді. Бірақ ол істерінен еш нәтиже шықпай, түбінде поолиция инспекорының алдына кеп түседі. Ауыл болған соң, көп кешікпей жіберіледі. Бірақ фильмнің соңында Сәуле мен Жексен бір-біріне ғашық екенін түсінеді.

"Таптым-ау сені"
Фильмнің табысқа жетуінің себебі неде?

Осыдан 10 күн бұрын көптеген БАҚ-тар Дариға Бадықова мен Анвар Мәтжановтың комедиясы 10 күн ішінде кассадан рекордтық сома – 1,1 миллиард теңге жинағаны туралы жазды. Бұл сома екі еселенбесе де, алдағы уақытта айтарлықтай өсуі мүмкін. ticketon.kz сайтының хабарлауынша, өткен аптада ғана «Таптым-ау сені» фильмі 184,6 миллион теңге табыс тапқан. Туынды «Вонканы» 5 миллионға басып озды. Голливуд фильмі 179,5 миллион теңге жинаған. Бұл есепте ең ірі қазақстандық Kinopark кинематографиялық желісінің деректері есепке алынбағанын ескерсек, бұл сома бұдан да үлкен болатыны анық. Бұған дейін мұндай үлкен сомаларға танымал Нұрлан Қоянбаев пен Нұртас Адамбай сияқты жоғары лигалардың әзіл-сықақ жұлдыздары ғана бере алады деп есептелген. Ал Дариға Бадықова акриса ретінде танымал болғанымен, продюсер ретіндегі алғашқы туындысы. Негізінен алғаш продюсерлікке қадам басқан ешбір актер мұндай жетікстікке жетіп көрген емес. Олар отандық әзіл жұлдыздарының рекордын жаңарта алмаған.

Жақсы есім, жақсы маркетинг, күлкілі халық әзілдері

Әңгімені фильмнің атынан бастасақ болады. Өйткені, «Таптым-ау сені» әні – жас орындаушы Қазыбек Құрайыштың қазақ тіліндегі ең танымал әндерінің бірі. Автор бұл әнді бір жыл бұрын өзінің ресми арнасында жариялаған. Бұл хит YouTube-та осы уақытқа дейін 24 миллион қаралым жинады. .

Бірақ фильмнің аты мен әннің аты бірдей болғанымен Дариға Бадықова Құрайышпен ортақ тіл таба алмаған. Сондықтан комедияның музыкасына «Сезім үшін» әні таңдалып алынған. Оның авторлары Талғат Лес пен Ақберен Елгезек. Бұл туындыға арналған клип екі ай бұрын әлеуетті аудиторияға арналып, алдын-ала жарияланған. Бұл клип 18 миллион рет қаралған. Ал трейлері 819 мың рет қаралған.

Сонымен бірге басты кейіпкерлердің әлеуметтік желідегі жазылушылары көп. Дариға Бадықовада 746 мың жазылушы болса, Олжас Абайда 312 мың оқырман бар. Демек оларды 1 млн көрермен көреді деген сөз. Сонымен қоса, жақсы сценарий, қызық оқиға болмаса, ешқандай инста маркетинг жұмыс істемейтіні де анық.