Әзірбайжан президенттігіне сайлауға түсуге ниет білдірушілер саны 15 адамға жетті. Бұл туралы Кazinform хабарлады.
«Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов 23 желтоқсан күні өткен отырыста мәлім еткендей, 7 адамның кандидатурасы бекітілді. Тағы 8 үміткерді бекіту мәселесі қарастырылып жатыр»-делінген хабарламада.
Әзірбайжанда сайлау 7 ақпанға белгіленді.
Әзірбайжанда сайлау 7 ақпанда өтсе, араға 40 күн салып ресейліктер өз президентін сайлайды.
Бұған дейін ақпан-наурыз айларында Әзірбайжан мен Ресейде президент сайлауы өтетінін жазған болатынбыз. Әзірбайжанда өтетін сайлау мерзімінен бұрын өткізіледі. Заңға сәйкес бұл елде президенттер әр 7 жыл сайын сайлануы керек. Әзірбайжанда соңғы рет сайлау 2018 жылы өткізілген. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойған.