Ресей Ақтауда бас консулдықты ашу туралы шешім қабылдады және Қазақстан билігімен келісті. Бұл туралы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Иванов kp.ru-сайтына берген сұхбатында айтты.
«Екі елшілік Буркина-Фасода және Экваторлық Гвинеяда ашылады. Ал Қапанда (Армения), Ақтауда (Қазақстан), Самарқандта (Өзбекстан), Денпасарда (Индонезия) және Маледе (Мальдив Республикасы) Бас консулдықтар ашу туралы шешімдер қабылданды», – деді дипломат.
Ол Мәскеу Достық елдерде дипломатиялық қатысуды одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
«Алдағы жылдарға арналған жоспарда – Президентінің 2023 жылғы 31 наурыздағы №229 Жарлығымен бекітілген Ресей Федерациясының сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес, біз үшін шешуші болған географиялық аймақтарда орналасқан бірқатар мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық миссияларын ашу», – деп түсіндірді Иванов.
Айта кетейік, 22 желтоқсанда Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ҚР мен РФ арасындағы қарым-қатынас туралы айтты. Ол Мәскеу мен Астананың серіктестігі теңдік, егемендікті мойындау және ішкі істерге араласпау қағидаттарына негізделгенін, ал Тоқаев пен Путинмен «шынайы достық, жақын қарым-қатынас» дамығанын мәлімдеді
Сондай-ақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды.