Алматыдағы автобуспен болған жол апаты: Жүргізушіні ұрған адам қамауға алынды

Жарияланды
Фото: shutterstock.com

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды. Бұған дейін ол ПД-нің уақытша ұстау изоляторына тоғытылған болатын.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының күдікті А.-ны 2 ай мерзімге қамауға алу және санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Күдікті А.-ны 2 ай мерзімге қамауға алынды», – деп жазылған хабарламада.

Еске салар болсақ, 2023 жылғы 22 желтоқсандаАлматыда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болған. 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізушімен жанжалдасып, жүргізушіні ұрып есінен тандырған. Осының салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

«Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы бап бойынша ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз