Қазақстанның халықаралық ақша аударымдары  26,7% қысқарды

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор
ақша аударымының

Фото: kursiv.media

Қаңтар-қазан аралығында халықаралық жүйелер арқылы (банктік шот ашпай) Қазақстан бойынша және шетелге жүргізілген ақша аударымының көлемі  1,12 трлн теңгені құраған.

Бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда  26,7%-ға төмен. Бұл ретте операциялар саны өзгеріссіз қалып, ақша аударымының көлемі азайған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, операциялардың 95%-ы – Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі.

2023 жылғы 10 айда ХААЖ арқылы шетелге жіберілген ақша көлемі 806,9 млрд теңгеге жетсе( 72%), осы кезеңде Қазақстанға аударылған ақша 258,5 млрд теңгені (23%) құраған.

Қазақстандықтар шетелге орта есеппен 375,3 мың теңгеге аударым жіберген, ал алынған төлемдердің орташа сомасы 280,4 мың теңгеге тең. Негізінен бұл аударымдар жеке тұлғалар арасындағы өтеусіз аударымдар сипатына ие.

Шетелге жатсалатын аударымдардың ең танымал бағыттары:

  • Өзбекстан (28,9%)
  • Ресей (24,2%)
  • Түркия (22,9%)
  • Грузия (9,5%)
  • Қырғызстан (3,4%).

Шетелден алынған аударымдар құрылымында көп бөлігін Ресейден (36,5%), Өзбекстаннан (11,0%), АҚШ-тан (10,8%), Оңтүстік Кореядан (10,6%) және Түркиядан (6,3%) аударымдар құрайды.

Шетелге жіберілген аударымдар бойынша төлем жүйелері бөлігінде үлесі 70%-дан асатын «Золотая Корона» төлем жүйесі алдыңғы орында тұр. Шетелден алынған аударымдар бойынша операциялардың негізгі үлесі «Золотая Корона» және «Вестерн Юнион» төлем жүйелеріне тиесілі.  

Бұған дейін рубль Қазақстандағы ақша аударым көлемін рекордтық деңгейге жеткізгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз