Жаңалықтар

Энергетика министрлігі автогаздың әр өңірдегі шекті бағасын бекітті

Автогаздың шекті бағаы қандай? Фото: shutterstock

ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы шекті бағасын бекітті. Ол 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Министрлік жарлығына сәйкес, сұйытылған газдың бір литріне қосылған кұн салығын қоса есептегендегі ең жоғары баға Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарының шалғай аудандарында бекітілген: 86 теңге.

Алматы қаласы, Алматы облысы мен СҚО-да автогаздың бағасы 81 теңгеден аспауға тиіс.

Сонымен қатар;

  • Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 76 теңге, шалғай аудандарда – 81 теңге;
  • Павлодар облысында – 74 теңге, шалғай елді мекендерде – 79 теңге;
  • Жамбыл облысында – 71 теңге, шалғай елді мекендерде – 76 теңге;
  • Шымкент, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында – 64 теңге, шалғай аудандарда 69 теңге деп бекітілген.

Ал еліміздің батыс өңіріндегі Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында шекті баға 54 теңге болса, аталған облыстырадың шалғай аудандарда 59 теңге деп бекітілген.

Ең жоғары көтерме және бөлшек сауда бағасы сұйытылған мұнай газын өндіру құнын ескере отырып түзетілетін болады.

Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газ біртіндеп 110 теңгеге дейін қымбаттайтыны хабарланған. Алдағы үш жылда сұйытылған газ бағасы әр жарты жыл сайын 5 теңгеге көтеріледі.

Осыған дейін жылына бір рет өзгертуге болатын. Оған қоса, шетелден келетін сұйытылған газ бағасына да шектеу қойылуы керек болған. Қыркүйек айының соңында вице-премьер Серік Жұманғарин басқаратын Сыртқы саясат бойынша үкімет аралық комиссия сұйытылған газды теміржолмен немесе автожолмен тасымалдауға шектеу қойды.