Өзбекстанда шахматтың рапид және блиц түрі бойынша әлем чемпионаты басталды

Жарияланды
Фото: FIDE/Анастасия Королькова

25 желтоқсан күні кешке Самарқандта ерлер мен әйелдер арасында рапид және блиц бойынша әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Өзбекстанға 53 елден келген ойыншылар осы апта ішінде мықтыны анықтау үшін тартысқа түседі.

Алғашқы үш күнде, яғни 26 желтоқсан мен 28 аралығында рапид бойынша ойындар болады. Бұл категориядағы жарыста ерлер үшін 13, ал әйелдер үшін 11 турдан тұрады. Блиц-форматтағы ойындар 29 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында өтеді. Ойын барысында ерлерге 21, әйелдерге 17 тур болады.

Турнирға кімдер қатысады? Рапид және блиц бойынша әлем чемпионы атағына шахматтан барлық үш санат бойынша үш дүркін әлем чемпионы және рапид және блиц бойынша қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен, шахматтан әлем біріншілігі матчына екі дүркін қатысушы Ян Непомнящий, АҚШ чемпионы Фабиано Каруана, жылдам шахматтан 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы – Нодирбек Абдусатторов және басқа да танымал спортшылар бақ сынайды.

«Кім чемпион болатынын айту қиын. Себебі рапид пен блицте нәтижелер бірінші ойында кездейсоқ болуы мүмкін. Мен турнирдің жеңуге мүмкіндігі жоғары үміткерімін, алайда жеңіске жетуге деген мүмкіндігі зор ойыншылар көп, солардың ішінде Нодирбек Абдусаттаровта бар»,– атап өтті Магнус Карлсен.

Жалпы турнирдің сөрелік тізімінде блиц катергориясында 206, ал блиц форматында 208 ойыншы бар. Қазақстан құрама командасында Арыстанбек Оразаев, Денис Махнев, Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Мұртас Қажғалеев, Қазыбек Нөгербек, Рамазан Жалмаханов, Жандос Ағманов, Алдияр Аңсат, Арыстан Исанжулов, Даниял Сапенов, Ернұр Амангелді, Данис Қуандықұлы бар.

Ал әйелдер арасында рапид категориясында 121, блицте 123 спортшы қатысады.

Қазақстан атынан екі категорияда да блиц бойынша қазіргі әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қатысады. Сонымен қатар әйелдер құрама командасы қатарында Динара Садуақасова, Алуа Нұрманова, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Назерке Нұрғали, Әмина Қайрбекова, Әсел Серікбай, Лия Құрманғалиева, Зарина Нұрғалиева, Елназ Қалиахмет, Айару Алтынбек бар.

Фото: worldrapidandblitz2023.fide.com

Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион доллар. Оның ішінде ерлер арасында 700 мың доллар (әр категорияда 350 мың доллар) және әйелдер арасында 300 мың доллар (әр категорияда 150 мың доллар) ойнатылады.

Іс-шараның ресми серіктестері – Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық компаниясы. Сонымен қатар компьютерлік вирустардан қорғау жүйелерін әзірлеуші «Касперский зертханасы» АҚ және Chessable оқыту платформасы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен рапид пен блиц бойынша соңғы әлем чемпионатында қазақстандық Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз