Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 6,5 жылға сотталды

Жарияланды
Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 6,5 жылға сотталды / kursiv.media

Шымкентте «ЖК-OTAU KZ» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 450 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

2018 жылдан бастап екі ұйымдастырушы салымшылардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөліп, 150 жәбірленушіге аса ірі көлемде 432 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Қаржы мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «ЖК-OTAU KZ» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы азаматтар кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Агенттік айыпталушылар туралы ақпарат таратпады.

Алайда Шымкентте тіркелген «ЖК-OTAU KZ» тұтынушы кооперативінің директоры ретінде Айгүл Дәулетбаева екені туралы ақпарат бар. Учет.kz мәліметіне сүйенсек, ол басшы ретінде тіркелген тағы үш компания бар: «ALTYN DAUR СТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Центр Интегральной Медицины «DAU-A» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «OCO PRODUCTIONS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Осыған дейін «Елімай-2019» тұтыну кооперативін ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғаны үшін бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.

ҚМА бұл ерлі зайыптылардың Ербол Кизбаев пен оның жары Жазира Өмірбаева екенін хабарлады. Агенттік 2022 жылдың 20 қаңтарында оларға мемлекетаралық іздеу жариялады. Ол кезде жұбайлардың үстінен 90 жуық арыз түскен. Ал екі күн өткен соң, яғни 22 қаңтарда ҚМА баспасөз қызметі ерлі-зайыптылардың ұсталып, уақытша қамауға алынғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз