Қазақстандықтар табысы: мұнайдан түсетін қаражатқа тәуелділік төмендеп келеді

Жарияланды
Мұнай бағасы арзандады
Мұнайдан түскен қаржыға тәуелділік азайып келеді / shutterstock

Қазақстандықтардың табысы мұнай сатылымына тәуелділіктен арылып келеді. Бұл туралы Halyk Researh зерттеу орталығының зерттеуінде жазылған.

Қазақстанда биыл мұнай экспортынан түскен пайда әр азаматқа шаққанда 2,3 мың долларға жеткен. Былтыр бұл көрсеткіш 2,5 мың доллар болған. Бұған мұнай бағасының түсуі әсер еткен. Былтыр Қазақстанға мұнайдан түскен пайда 50 млрд доллар болса, биыл 45 млрд доллар көлемінде болады деп күтіліп отыр.

Зерттеушілердің жазуынша, әлемдік энерго баланста қазақстандық өндіріс жалпы көлемнің 2%-ын құрайды. Осыған қарамастан, өзге өндірушілерге қарағанда мұнай экспортына тәуелділік аз. Қазақстанда бір адамға шаққанда мұнайдан түскен табыс 2,3 мың доллар болса, Әзірбайжанда 3 мың доллар, Сауд Арабиясында 15 мың доллар, Норвегияда 37 мың доллар, БАӘ-де 64 мың доллар, ал Қатарда 321 мың доллар болған.

Қазақстанда 2011-2013 жылдары бір адамға шаққанда мұнайдан түсетін табыс 3,5 мың доллар болған. Себебі сол жылдары мұнай бағасы барреліне 100 доллар көлемінде сақталған. Ал 2015 жылдан бері табыс көлемі 2 мың доллар шамасында қалған. Бұған мұнай бағасының төмендеуінен бөлек мұнай мен газ өндіру көлемі азайғаны да әсер еткен.

Алайда мұнай өндірісінен келетін табыстың көлемін нақты есептеу мүмкін емес. Себебі кейбір келісімдер жарияланбайды. Мысалы, зерттеушілер Қашаған кен орнынан түскен табыстың тек үштен бір бөлігі ғана елде қалатынын жазған.

Зерттеушілердің айтуынша, мұнай бағасының ел экономикасына әсер етуі және экономиканың шикізаттардан түскен табысқа тәуелділігі қоғамда жатыпішерлік мәдениетті қалыптастырады.

2023 жылы қаңтар-тамызда Қазақстан шетелден мұнай жеткізуден 27,9 млрд доллар табыс тапқан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл – 14,5%-ға немесе 4,7 млрд теңгеге кем көрсеткіш.

Сарапшылардың сөзінше, мұндай жағдайға мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі себеп болып отыр. Бұған дәлел ретінде 2022 жылдың 8 айында бір тонна мұнайдың орташа экспорттық бағасы 17%-ға немесе 586,6 долларға дейін төмендегенін келтіруге болады. Айта кетейік,бұған дейін ЕАЭО-да мұнай паспортының бірыңғай нысаны белгіленгенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз