Jusan Bank-тің бас құрылымы Firs Heartland Securities 2021 жыл үшін дивидендтер төлеуді тоқтатты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды. Ал шешімді компанияның жалғыз акционері Ғалымжан Есенов қабылдаған болатын.
Өткен жылдың қазан айында қабылданған First Heartland Securities иелеріне жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімнің күші жойылды.
Сол кезде First Heartland Securities компаниясының бұрынғы акционері британдық Jusan Technologies 2021 жылғы пайданы 14,5 млрд теңге немесе бір акцияға 1755 теңге мөлшерінде бөлу туралы шешім қабылдады. Ол кезде Jusan Technologies АҚШ- та тіркелген Jusan Holdings бақылауында болды.
Қазақстанның Бас прокуратурасы 2023 жылдың ақпан айында Алматы сотына үш жыл бұрынғы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етіп, арыз жазды. Ведомство First Heartland Securities пен оның «құрылымдарын» қазақстандық юрисдикцияға қайтаруды талап етті.
Шілде айында First Heartland Securities иесінің ауысатыны белгілі болды. Акциялардың 99,74% – ы Есеновке тиесілі. Қыркүйек айында Ғалымжан Есенов қалған миноритарийлерге олардың үлестерін бір акция үшін 51,5 мың теңгеден сатып алу туралы ұсыныс жасады.
3 мамырда First Heartland Jusan Bank» АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдағанын жазғанбыз. Бұл туралы қаржы ұйымы Қазақстан қор биржасына хабарлады. Мұндай шешім «First Heartland Jusan Bank» АҚ акционерлерінің 2-мамырда өткен жылдық жалпы жиналысында қабылданған.
«Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: – тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебімен банктің 2022 жылға жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; – банктің 2022 жылдағы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: – банктің жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін; – банктің 2022 жылдағы таза кірісі бөлінбесін және бөлінбеген таза кіріске бағытталсын», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Екінші деңгейлі банктерде бизнесті несиелеу бойынша қандай тиімді ұсыныстар бар екендігіне тоқталған болатынбыз.
Дәл қазір бизнесті несиелеу мәселесі өте өзекті. Осы орайда корпоративтік займ берумен айналысатын екінші деңгейлі банктердің қандай шарттармен несие ұсынатынын білу маңызды. Елімізде қазір бірқатар банк бизнеске кредит береді, тиісінше шарттары да әртүрлі.
Банктерді сауықтыру саясаты қандай болуы керек? Қараша айында ҚНРДА қаржы жағдайы нашар банктерді мемлекеттің қатысуынсыз сауықтыратын жаңа үлгіге көшетінін жариялаған.