Бағаны көтерген «Кселл», «Tele2/Altel» және «Beeline» ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеру басталды

Жарияланды
азрк
Коллаж: kursiv.media

Абоненттердің ұялы операторлардың бағаны көтеруі жайлы өтініштері негізінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексеріс жүргізді.

Істің мәнісі: 2023 жылы ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарлары бойынша бағаны 7,7% – дан 57,3% – ға дейін айтарлықтай өсірген. 2023 жылдың мамыр мен шілде аралығында ұялы байланыс операторлары ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірін көтерген.

Шешім: Бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілері қайта анықталуына байланысты Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта «Кселл» АҚ, «МТ–С» ЖШС (Tele2/Altel) және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады.

Бұған дейін Агенттік ұялы байланыс операторларының бір минут сөйлесу үшін қоңырау соғу бағасы мен тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеуде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін анықтаған болатын.  Осыған байланысты ұялы байланыс операторларына анықталған белгілерді бағаны негізді төмендету арқылы тоқтату туралы хабарлама жіберілді.

Егер ұялы операторлар бағаны белгіленген мерзімде төмендетпесе, Агенттік қосымша тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.

Еске салар болсақ, 23 шілдеде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин БҚДА-ның ұялы байланыс бағасын мемлекеттік реттеу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірген.

«Әр ведомствоның өз функциясы бар. Біздің функционалға тарифтерді реттеу жұмыстары кірмейді. Қандай нарықта тарифтер басқарылуы керектігі айтылған аррнайы заң бар. БҚДА қайтадан тарифтердің мемлекетті басқаруға өткізу туралы ұсыныс жасады. Егер БҚДА солай жасаған дұрыс деп санаса, біз бұл жағдайды талдап, қарастыратын боламыз»,– деген министр.

Сондай-ақ оқыңыз