Жаңалықтар

Қуантыров 2024 жылы бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан қаржы алынбайтынын айтты

бюджет тапшылығы
2024 жылы бюджет тапшылығы қалай жабылады? shutterstock пен freepik

2024 жылғы республикалық бюджет тапшылығы 3 трлн теңгені құрайды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ел үкіметі осы қаржыны қайдан алатынын айтты.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден «3 трлн теңгені қайдан аласыздар, бюджет дефицитін жабу үшін Ұлттық қордан қаржы алына ма» деп сұрады. Әлібек Қуантыров не сырттан қарыз аламыз, не ішкі нарыққа МБҚ шығарамыз деді.

«Ұлттық қордан емес. Бюджет тапшылығы қалай қаржыландырады? Ішкі нарыққа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару немесе сырттан қарыз алу. Қаржы министрлігі еуробондтарды сыртқа шығарады. Ішкі нарықтан қарыз алсақ, қор нарығын жақсартамыз. Бұл қалыпты нәрсе», – деді ол

Министрдің айтуынша, биыл бюджетке салық бойынша түсімдер толық түспеген.

Halyk Finance сарапшылары биыл бюджет тапшылығы ,3,8 трлн теңгеге жетуі мүмкін деп мәлімдеген.

Сонымен қатар сарапшылар үкімет бюджет тапшылығын Ұлттық қор қаржысымен жауып отырғанын айтады. Мұнай мен шикізаттық емес салықтардан түсетін түсімнің азаюы салдарынан қазан және қараша айларында бюджеттің жыртығын жамау үшін Ұлттық қордан бюджетке төтенше түрде 1,1 триллионнан астам қаражат тартылған.