Қолайсыз метеожағдайға байланысты Астанадан Талдықорғанға рейстер тоқтатылды-Qazaq Air

Жарияланды
Фото:shutterstocks

27 желтоқсанда Qazaq Air әуекомпаниясы Астанадан Талдықорғанға қатынайтын рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарлады.

Компанияның мәліметінше, 27 желтоқсанда қолайсыз метеожағдайларға байланысты Талдықорғанда IQ429 Астана-Талдықорған және IQ430 Талдықорған-Астана рейстері кешіктірілді.

Сондықтан техникалық себептерге байланысты Qazaq Air авиакомпаниясы бұл рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдады.

«Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына ережеге сай, тегін жатын орындар беріліп, билетті тегін қайта брондауға және билеттерді қайтаруға мүмкіндік жасалды»-делінген компанияның ақпараттық хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз